«Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығы (2026.01.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығы

(2026.01.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2026.13.02. № 74 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 177-35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1211 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13063 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 332 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15288 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2017 жылғы 30 маусымда жарияланған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.